USD
USD
USD

Илон Маск роботтар мен адамдардың Марсқа қашан қонатынын айтты

Америкалық кәсіпкер және SpaceX-тың негізін қалаушы Илон Маск адам тәрізді Optimus роботы мінген кеменің Марсқа шамамен аттанатын датасын атады.

Марс
Фото: pixabay

Алматы, NEGE. Бұл туралы Маск 15 наурызда Х әлеуметтік желісінде жазып, адамзаттың ғарышты жаулауы жайлы жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, Марсты игеру туралы арманның орындалуына екі қадам және бірнеше жыл қалды.

"Ғарыш кемесі келесі жылдың соңында Марсқа ұшады, бортында Optimus болады. Егер кеме сәтті қонса, онда адамдардың Марсқа баруы 2029 жылы басталуы мүмкін, дегенмен 2031 жылы да болуы мүмкін", – дейді Маск.

Optimus роботының адаммен максималды ұқсастығы бар және оны нейрондық желілер басқарады. Оны құрастырып шығушылардың айтуынша, ол тіпті үй шаруасын да жасай алады, сонымен қатар жақында тұрақты белгіленген елді-мекенде жүріп-тұруға да үйретілген.

Илон Маск 2022 жылдың қазан айында Optimus атты адам тәрізді роботтың прототипін ұсынды. Ол сол кезде қораптарды көтеріп, гүлдерге су құя білетін. 2025 жылдың 15 наурызына қараған түні SpaceX компаниясына тиесілі, Сrew-10 миссиясының экипажы мінген америкалық Crew Dragon ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшырылды.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған