USD
USD
USD

Илон Маск кандидаттардың жасын шектеуді ұсынды

  АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетсе, Масктің Ақ үйде жұмысқа тұруы мүмкін екені де айтылып жүр.

АҚШ сайлау
Фото: kommersant.ru

Алматы, NEGE. Америкалық миллиардер, SpaceX-тің негізін қалаушы және X компаниясының қожайыны Илон Маск АҚШ президенттігіне кандидаттарға қатысты шарттарды өзгерту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазіргі сайлау додасында тағы бір миллиардер, экс-президент Дональд Трампты қолдайтын кәсіпкер АҚШ президенттігіне үміткерлердің жасына шектеу белгіленуі керек деп есептейді.

"Ең жоғары шекті жас болуы керек. Құрылтайшы-әкелер әлдекімнің соншалықты ұзақ өмір сүретінін күткен жоқ", - деп жазды ол X-тегі парақшасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Илон Маск президенттік бәсекеде Дональд Трампты белсенді қолдайтын America PAC қорына қомақты қаржы аударған болатын.

Сондай-ақ АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетсе, Масктің Ақ үйде жұмысқа тұруы мүмкін екені де айтылып жүр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты