USD
USD
USD

Илон Масктың байлығы 500 миллиард долларға жетті

Америкалық кәсіпкер Илон Маск тарихта алғашқылардың бірі болып 500 миллиард доллар байлыққа қол жеткізді. Кейінірек оның байлығы бұл межеден төмен түсті, деп жазады Forbes.

фото
Фото: Фото: Ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Илон Маск сәрсенбі күні 15:30-да (Астана уақытымен бейсенбі күні сағат 00:30) байлығы жарты триллион доллар болған алғашқы адам атанды. Жер бетіндегі ең бай адамның байлығы 500 миллиард доллар болды», – деп хабарлады Forbes Real-Time Billionaires дерегі. 

Аналитиктер бұл жағдайды Tesla акцияларының алдыңғы күні шамамен 4%- ға өсуімен байланыстырады. Нәтижесінде Масктың байлығы 9,3 миллиард долларға артқан. Одан бөлек, SpaceX пен xAI Holdings компанияларының құны да өсті.

скриншот
Фото: Ғаламтордан

Биыл маусымда Дональд Трамппен болған даудың салдарынан кәсіпкер 34 миллиард доллардан айырылған болатын. Көп ұзамай шілдеде Пентагонмен 200 миллион долларлық келісімшартқа қол қойылды.

Айта кетейік, 2024 жылы Маск алғаш рет 400 миллиард долларға жеткен кәсіпкер болатын.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.