USD
USD
USD

Ильхам Әлиев Ресейдің AZAL ұшағына қатысты ұстанымын сынға алды

III Шуша халықаралық медиафорумы аясында өткен кездесуде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев AZAL әуе компаниясының ұшағына қатысты оқиға жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ. 

Ұшақ апаты
Фото: Азертадж

Алматы, NEGE. III Шуша халықаралық медиафорумы аясында өткен кездесуде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев AZAL әуе компаниясының ұшағына қатысты оқиға жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ. 

— Өкінішке қарай, біз Ресейдің ресми тұлғаларынан ешқандай жауап алған жоқпыз. Бұл оқиғадан кейін жеті ай өтті. Бәрі түсінікті, не болғанын білеміз. Біз бұл фактіні дәлелдей аламыз және Ресейдің ресми өкілдері де не болғанын жақсы біледі. Енді мәселе — неге олар дәл осындай жағдайда кез келген көрші ел жасауға тиіс әрекетті жасамады? Біздің талабымыз — кінәсін мойындау, ұшақты атып түсіргендерді жазалау және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына, сондай-ақ AZAL ұшағына өтемақы төлеу. Бұл — өте орынды және заңды талап, — деді Ильхам Әлиев.

Айта кетейік, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам аман қалды.

Ұшақ апатына қатысты Ресейде, Қазақстанда және Әзербайжанда қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net