USD
USD
USD

Ильхам Әлиев: Қазақстанмен достығымыз нығая түсті

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев телеарнаға сұхбат берді.

Ильхам Әлиев
Фото: trend.az

Алматы, NEGE. Ол Ақтау маңында болған ұшақ апатына қатысты пікір білдіріп, қазақ халқына алғысын жеткізді.

«Бұл шынайы достық пен бауырластық. Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айттым, өйткені, апат салдарынан Қазақстанның алты азаматы қаза тапты. Ол да маған көңіл айтты. Қайғылы жағдайдың ауырлығына қарамастан, бұл сынақ сәті болды – осындай сәтте қандай екенін көрсетеді. Қайғылы жағдайға қарамастан, Қазақстанда солай ойлайтынына көзім жетті және сенімдімін. Біздің достық пен бауырластық осы қиын сынақтан кейін одан сайын күшейе түсті», — деді Ильхам Әлиев. 
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Ақтау маңында әуе апатынан кейін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты.

Сонымен қатар Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевте көңіл айтты.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты. Өкінішке қарай, мерт болған жандардың арасында 6 Қазақстан азаматы бар.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар