USD
USD
USD

Ильфат Абдуллин: Олимпиада ойындары мен үшін үлкен тәжірибе болды

Қазақстандық садақшы Ильфат Абдуллин Токио Олимпиадасындағы жолын аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ильфат Абдуллин: Олимпиада ойындары мен үшін үлкен тәжірибе болды
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. "Бұл Олимпиада - менің бірінші Олимпиадам. Олимпиадаға қатысудағы мақсатым бар күшімді салып, әнұранымызды шырқату болатын. Мақсатыма бір табан жақындағаныммен, қарсыласымнан екі ұпайға ұтылып қалдым. Қателік техникалық тұрғыдан кетті деп ойлаймын. 

Осыған дейін екі қарсыласымды жеңгенде техникалық, психологиялық тұрғыдан өте қатты дайындалдым. Жеңетініме өзіме сенімді болдым. Осыған дейінгі екі кездесуді халықтың қолдауының, сенімінің арқасында жеңіп отырдым десем болады.

Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Бұл жарыс мен үшін үлкен тәжірибе болды. Енді алдымызда әлем чемпионаты күтіп тұр. Олимпиадаға бірінші рет қатысып тұрғаннан кейін осы жарыста не жетпейді, қай жерден қате жіберетінімді бәрін тексеріп алдым. Әлем чемпионатында мақсатыма жетуге тырысамын", - дейді Ильфат. 

Айта кетерлігі, бұл қазақстандық спортшылардың Олимпиада ойындарындағы ең үлкен жетістігі. Осы уақытқа дейін садақ атудан Қазақстан сапынан ешкім 1/8 финалға дейін жетпеген. 

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors