USD
USD
USD

Іле-Балқаш резерватындағы өртті сөндіруге автотехника жете алмай жатыр

Іле-Балқаш резерватының аумағында табиғи өртті сөндіру жалғасып жатыр, деп хабарлады ТЖМ.

Іле-Балқаш резерватындағы өртті сөндіруге автотехника жете алмай жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жылдар бойы қалыптасқан тереңдігі 1,5 метрге дейін жететін қамыс үйіндісі отты ауыздықтауды қиындатып отыр. Авиацияны қолдана отырып судың төгілуіне қарамастан, жану жалғасып жатыр.

Өрт сөндіру автотехникасының өте алмауынан және өрт орнына жету қиын болғандықтан, тілсіз жаумен күрес жерүсті тәсілмен қол инструменттерін: хлопушкалар, мотопомпалар мен шанц құралдарын пайдалана отырып жүргізілуде.

Сондай-ақ жел бағытын ескере отырып, жалын ошақтарын қарама-қарсы бағытта өшіру әдісі қолданылып жатыр.

Қазавиақұтқару тікұшағы су төгуді жалғастыруда.

Өртті сөндіруге 80 адам және 22 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Отбасы банк «Ұмай» бағдарламасының екінші кезеңіне өтінім қабылдауды бастады

Отбасы банк

Маңғыстауда темір жол өткеліне шығып кеткен жүк көлігі тепловозбен соқтығысты

Тепловоз бен жүк көлігі

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza