USD
USD
USD

Іле-Балқаш аумағынан өрт шықты

Іле-Балқаш резерватының аумағында 150 гектар аумақ жанып жатыр, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Іле-Балқаш аумағынан өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресми ақпаратқа сәйкес, өрттің жалпы аумағы шамамен 6200 гектарды құраса, оның ішінде 6050 гектарда өрт сөндірілген.

"ТЖД және "Іле-Балқаш" МТР" РММ күштерімен қолмен жұмыс жасайтын шанц құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, жаяу тәртіппен солтүстік-батыс жағында 6-шы орамдағы 150 гектар алаңда сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің таралуын болдырмау үшін Орман шаруашылығы күштерімен жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Министрлік мәлімдегендей, елді мекендерге қауіп жоқ. Әлеуметтік желілерде таралған космомониторингтің суреттері бүгінгі күні өзектілігін жоғалтқан, деп хабарлады ведомстводағылар.

Қазір оқып жатыр

«Ешқайсысына араша түспеймін»: Министр Ақтаудағы хирург пен ата-ана дауына пікір білдірді

Ақмарал Әлназарова

«Центр плова Loft» ісі: 12 адамның өліміне кінәлі үш адамға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Щучинск

Келер жылдан бастап шетелге жұмыс істеуге шығатын қазақстандықтар есепке алынбақ

Жолаушы

Қазақстанда 70 мың медицина қызметкерінің жалақысына қосымша ақы қосылады

Дәрігер мен науқас