USD
USD
USD

Іле Алатауы тауларында шетел азаматтары құтқарылды

Кеше 2023 жылғы 3 тамызда сағат 19:35-те Іле Алатауы тауларында шетелдік ерлі-зайыптылар Башут шыңынан өздігінен түсе алмайтыны туралы ақпарат келіп түсті. Ерлі-зайыптылар 112 нөміріне қоңырау шалып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлады ТЖМ. 

 Іле Алатауы тауларында шетел азаматтары құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Зардап шеккендерді іздеуге ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы мен қаладағы құтқару қызметінің құтқарушылары шықты.

Сағат 20:45-те турист тауда жүрген жастардың көмегімен байланысқа шықты. Олар телефон арқылы құтқарушыларға нақты тұрған орындарын айтты. Сағат 23:36-да құтқарушылар зардап шеккендерге жетті. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес. Туристерді Медеуге дейін жеткізді.

Польшаның екі азаматы, 1987 жылы туған әйел адам мен 1983 жылы туған ер адам құтқарылды. Шетелдік азаматтар құтқарушыларға алғыс білдірді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты