USD
USD
USD

«IKOMEK 109» арқылы жоғалған заттарды табуға болады

Мемлекет басшысының халықпен кері байланыс орнатуды күшейту туралы тапсырмасына сәйкес қала әкімінің бастамасымен осыдан 1 жыл бұрын Шымкентте «Айкөмек-109» орталығы ашылған болатын.

«IKOMEK 109» арқылы жоғалған заттарды табуға болады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Бүгінде қала тұрғындарын жергілікті билік өкілдерімен байланыс орнатуда тиімді жұмыс нәтижесін көрсетіп отыр.

@ikomek109.shymkent - қала тұрғындарының қоғамдық көліктерде, адамдар көп шоғырланған және тағы басқа жерлерде заттарды тауып алған немесе жоғалтып алған адамдарды делдалсыз байланыстыратын орталық. Себебі соңғы уақытта мұнда тұрғындар тарапынан жоғалған затын іздеп хабарласушылар көбейген.

Осы жылы орталық қызметкерлері жауапты мекемелермен бірлесе отырып мегаполис тұрғындарының 592 жоғалған затынн тауып берген. Атап айтқанда 217 сөмке, 144 әмиян, 129 құжаттары бар файлдар, 15 сағат, 6 ұялы байланыс құралы, 4 ноутбук, 3 домбыра, 2 аяқ-киім және 72 төлем карталар табылды.

Табылған Төлем карталарды, құжаттарды орталықтың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы @ikomek109.shymkent-те Stories ретінде салынады. Азаматтар жоғалтқан құжаттарын сол жерден көре алады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер