USD
USD
USD

Иіс сезгіш иттер вирус жұқтырғандарды анықтай алады

Біріккен Араб Әмірлігінде (БАӘ) Covid-19-дың таралуын шектеу бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық және алдын-алу жұмыстарында жаңа жетістікке қол жеткізді.

Иіс сезгіш иттер вирус жұқтырғандарды анықтай алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БАӘ әуежайларында полиция иттерін коронавирусты жұқтырған жолаушыларды анықтау үшін пайдалана бастады.

БАӘ әлемде бұл әдісті тәжірибеде қолданған алғашқы ел болып саналады. Айта кету керек, адам ағзасында өлімге әкелетін вирусты анықтауға арналған бұл әдіс әлемнің көптеген елдерінде зерттеліп жатыр.

БАӘ әдісі адамның және жануарлар денсаулығы қауіпсіздігінің ең жоғары стандарттарына сәйкес иттер мен заттар арасындағы тікелей байланыстың алдын алатындығымен ерекшеленеді.

Тәжірибелік қолдану алдында қажетті зерттеулер, сонымен қатар әртүрлі елдердің сарапшыларымен ынтымақтастық орнатылды.

Covid-19 жағдайын анықтауда иттерді қолдану туралы пікірталастар мен теориялық зерттеулер күшті иіс сезімін ескере отырып жүргізілді.

Осылайша, иттерді полиция патрульдерімен қатар сауда орталықтарында, іс-шараларда, әуежайда және басқа да өмірлік маңызды нысандарда пайдалануға болады деген шешім қабылданды.

Әуежайларда коронавирусты анықтау әдісінің елге келетін жолаушыларға нақты қолданылуын бақылау үшін арнайы топтар жұмыс істейді.

Бірнеше секундтың ішінде ит адамда вирустың болу-болмауын оның қолтығынан алынған иісті сынамасын иіскеу арқылы анықтай алады.

Бұл әдіс халықаралық әуежайлардың біртіндеп ашылуы мен рейстер санының өсуі жағдайында әуежайда жолаушылардың қауіпсіздігін жақсартуға арналған қосымша шара ретінде қарастырылады.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны