USD
USD
USD

ІІМ төбелескен адамдарды ұрды деген ақтөбелік полицейлердің әрекетіне түсініктеме берді

БАҚ беттерінде Ақтөбе қаласындағы "Ұлытау" мейрамханасында полиция қызметкерлері ұстау кезінде төбелеске қатысушыларды "ұрып-соққаны" туралы материал жариялаған болатын. 

ІІМ төбелескен адамдарды ұрды деген ақтөбелік полицейлердің әрекетіне түсініктеме берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жарияланымға байланысты жанжалға қатысушыларды ұстауды жүргізген полицейлердің бейнежетондарынан алынған жазбалар талданып, бұл факт бойынша төмендегі мән-жайды хабарлаймыз. 2022 жылдың 31 желтоқсанында сағат 01:35-те Жедел басқару орталығының 102 телефонына Ақтөбе қаласы Бөгенбай көшесі 17 мекенжайында орналасқан "Ұлытау" мейрамханасының жанында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.  Мекен-жайға дереу полицияның кешенді күштерінің нарядтары жіберіледі.

Ішімдік ішіп, мас болғандар полиция қызметкерлерінің ескертулерін елемей, бір-бірімен төбелесті жалғастырады.  Сондай-ақ, видеожарияланымдағы "жігіт" пен "қызды" полиция наряды келгенге дейін, қақтығысқан адамдар арасындағы төбелес кезінде соққы алғандығы белгілі болды. Жанжал шығарғандар ұстау кезінде қарсылық көрсетіп,  барлығы полиция бөліміне жеткізілді.

Мейрамханада да ұстау кезінде де полицейлердің қол көтеру фактілері анықталған жоқ.                                                                                                                                                                                                                                                                                           
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрмет көрсетпегені үшін 4 адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков