USD
USD
USD

ІІМ патриот оқушыға қол сағатын сыйлады

ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов «Жас бүркіт» спорттық әскери-патриоттық клубының ең жас мүшесіне өзінің жеке қол сағатын сыйға тартты. 

ІІМ патриот оқушыға қол сағатын сыйлады
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  М.Ахметжанов Ұлттық ұланның Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінде болды.

ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Жас бүркіт» спорттық әскери-патриоттық клубы аталған бөлім жанынан жасақталған. Министр клуб қырандарымен танысып, олардың біріне айрықша сыйлық жасады. Ол ең жас патриотқа өзінің жеке қол сағатын сыйға тартты.

Ішкі істер министрі өңірге сапары барысында 6506 әскери бөлімінің материалдық-техникалық базасын, қызметтік инфрақұрылымын және оқу-жаттығу объектілерінің жағдайымен танысты. Сонымен қоса, 6506 әскери бөлімінің тарихынан сыр шертетін, батырлардың ерлігін насихаттайтын мұражайдың көрмесін аралады.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум