Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ІІМ мен ҰҚК арнайы операциямен қауіпті қылмыстық топты ұстады

2021 жылғы 10 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау бойынша ірі арнайы операция жүргізді.

ІІМ мен ҰҚК арнайы операциямен қауіпті қылмыстық топты ұстады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Семей қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ауыр және аса ауыр қылмыс жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау бойынша арнайы операция жүргізді.

ҰҚК мәліметіне сүйенсек, ұсталған топтың 16 мүшесі адам ұрлау, бопсалау, кісі өлтіруге оқталу, Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінен құрамында алтыны бар шикізатты ұрлау және оның ҚР шекарасынан тыс контрабандасы, сондай-ақ трансұлттық қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау бойынша айыпталды.

Қылмыстық топ құрамында құқық қорғау органдарының қызметтегі және бұрын жұмыс істеген қызметкерлері болғаны анқталды.

Ұстау барысында олардың жасаған қылмыстарын растайтын ірі сомадағы ақша, бағалы заттар, байланыс құралдары және өзге де заттар табылып, тәркіленді.

Жедел-тергеу шаралары әлі де жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте шілде айында 111 жыл бұрынғы рекорд тіркелді

аптап ыстық

Pierre Cardin, Federico Barrazzo моделі Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүр

Шыңғыс Таңатпаев

Алматыда мемлекетке қайтарылған қаражат 10,5 мың тұрғынды сумен қамтуға жұмсалды

Мемлекетке қайтарылған қаржы

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Қазыбек Қалмағамбетов