USD
USD
USD

 ІІМ қызметкері коронавирус жұқтырған

ІІМ қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ІІМ басшысының орынбасары Юрий Ильин айтты. 

 ІІМ қызметкері коронавирус жұқтырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Бізде коронавирус жұқтыру жағдайы болды. Бір қызметкерден коронавирус анықталды, ол қазір ем алып жатыр. Жағдайы тұрақты. Қызметін атқару барысында 530-дан аса адаммен байланыста болған", - деді ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Нұр-Сұлтанда өткен онлайн брифинтгте.

"Бүгінде шамамен 30-ға жуық адам стационарға жатқызылды. 80-ге жуық адам карантинде үй жағдайында. Көбі ауруханадан шығарылды, жұмысын жалғастырып жатыр", - деді Ильин.

Оның айтуынша, ІІМ қызметкерлері ішінде коронавирустан қайтыс болып, ауыр жағдайда жатқандар жоқ.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында 425 мыңнан астам азамат дауыс бере алады

.

Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы басталды

Сайлау

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов