USD
USD
USD

ІІМ: Қаңтар трагедиясы туралы жалған ақпарат таратқан 43 шетелдік аккаунт белгілі болды

Қаңтар трагедиясының салдары туралы жалған ақпарат таратқан 43 шетелдік аккаунт анықталған.

ІІМ: Қаңтар трагедиясы туралы жалған ақпарат таратқан 43 шетелдік аккаунт белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлім етті. «Қайғылы қаңтар оқиғаларынан кейін қоғам санасына әсер ету үшін ақпараттық соғыс өріс алды. Ресми органдардың ескертуіне қарамастан, әлеуметтік желі арқылы құқық қорғау органдарының қызметі туралы көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті.

Ақпараттық шабуылдардың түпкі мақсаты – құқық қорғау органдарының беделін түсіру ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын тұрақсыздандыру. Ақпараттық шабуылдардың басым бөлігі елден тыс жерлерден жасалады. Бүгін шетелде тіркелген 43 аккаунт анықталды», – деді департамент бастығы. Сондай-ақ, ол көрінеу жалған ақпарат таратқандар заңмен белгіленген жауапкершіліктер арқалап жатқанын атады.

Қазір оқып жатыр

Бүгін Қазақстанда 380 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады

алғашқы қоңырау

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары