Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ІІМ байқау жариялады

Ішкі істер министрлігі «Серт» атты республикалық детективтік шығармалар байқауын жариялады.

ІІМ байқау жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ведомство баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.

«1 сәуірден бастап ІІМ алғаш жариялаған «Серт» әдеби байқауына детективтік жанрлар бойынша шығармалар қабылдау басталады. Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізіледі, оның мақсаты - халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру. Шығармаларды қабылдау 2021 жылдың 1 мамырына дейін жүргізіледі», - деді Ш. Тұрлыбек.

Оның айтуынша, конкурсқа прозаның бұрын жарияланбаған детективтік шығармалары қабылданады. Байқаудың қорытындысын белгілі жазушылар мен ақындардан, сыншылар мен қоғам қайраткерлерінен, журналистер мен ішкі істер органдарының ардагерлерінен құралған қазылар алқасы шығарады. Шығармалар ұйымдастыру комитетінің электронды поштасына (mvd_pr@mail.ru) «конкурсқа» деген белгімен жіберілуі тиіс.

«Шығармаларды қабылдау, бағалау шарттары мен байқаудың ережесі туралы қосымша ақпаратты біздің порталдан, Polisia.kz сайтынан, өңірлік полиция департаменттерінің әлеуметтік желідегі парақшаларынан оқи аласыздар», – деді Шұғыла Тұрлыбек.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті