USD
USD
USD

ІІМ азаматтық және қызметтік қару айналымының қағидаларына өзгеріс енгізеді

Ішкі істер министрлігі азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымының қағидаларына түзетулер әзірледі.

ІІМ азаматтық және қызметтік қару айналымының қағидаларына өзгеріс енгізеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 18 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының, тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан қарудың нақты түрін сатып алуға рұқсат алғаннан кейін өзін – өзі қорғайтын тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы атыс қаруын және аңшылық қаруды қоспағанда, азаматтық қаруды сатып алуға құқығы бар, – делінген құжат мәтінінде.

Ал өзін-өзі қорғаудың тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы қаруын, оны алып жүру және аңшы куәлігі болу құқығынсыз және тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы атыс қаруын, пневматикалық аңшылық қаруды тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан қарудың нақты түрін сатып алуға рұқсат алғаннан кейін 21 жасқа толғаннан кейін сатып алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы бар.

Аңшы куәлігі бар 21 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы атыс қаруын сақтауға және алып жүруге құқығы бар.

Белгі беру, аңшылық қару, механикалық бүріккіштер, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозольдік және басқа да құрылғылар, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-ден аспайтын және калибрі 4,5 мм-ге дейін қоса алғанда пневматикалық қару, қаруға конструкциялық жағынан ұқсас бұйымдарды Қазақстан Республикасының азаматтары оларды сатып алуға рұқсатсыз сатып алады. 

Құжатта қару мен патрондар стеллаждарда, жекелеген (әрбір қару иесі үшін) нөмірленген бөліктерде (орындарда) оғы  алынып тасталған күйінде сақталатыны баса айтылған.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу