USD
USD
USD

ІІМ ауа райына байланысты жүргізушілерге ескерту жасады

 Ішкі істер министрлігі ауа райының нашарлауы туралы жүргізушілерге ескертеді.

ІІМ ауа райына байланысты жүргізушілерге ескерту жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Республика аумағында салқындау, желдің күшеюі, тұман және жауын-шашын күтіледі, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін, бұл тежеу жолының ұлғаюына әкеп соғады. ІІМ-нің аумақтық департаменттеріне ауа райының өзгеруін бақылауды ұйымдастыру тапсырылды. Күзгі-қысқы кезеңнің басталуымен көлік жүргізу әлдеқайда қауіпті болады, жылдың осы уақытында өте мұқият болу керек.

Жылдамдық режимін, сондай-ақ автомобильдер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау маңызды, бұл жолдағы күтпеген апаттың алдын алуға көмектеседі. Жолдардағы қауіпсіздік үшін ІІМ ауа райын ескере отырып, қажет болған жағдайда көліктің басқа түрін пайдалана отырып, автокөлікпен ұзақ сапарларды алдын ала жоспарлауға шақырады.  

Қазір оқып жатыр

Бектенов «Самұрық-Қазына» басшылығын ірі жобаларды кешіктіргені үшін сынға алды

.

Қазақстан Азия Даму Банкінен 240 млн доллар қарыз алады

Құрылтай отырысы

Боранбаевтың бұрынғы фитнес орталығы 2,3 млрд теңгеге сатылды

кәсіпкер

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов