USD
USD
USD

ІІМ: 1 апта 2951 қылмыс жасалды

1 апта ішінде еліміздің аумағында 2951 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.

ІІМ: 1 апта 2951 қылмыс жасалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бір апта ішінде елде 2951 қылмыс жасалды. Оның 1918-і тәулік ішінде ашылды», – деді Ш. Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Баспасөз қызметі өкілінің айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 12 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 37 тонау және 465 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашқан.

Сонымен бірге, спикер Президент тапсырмасы аясында іске асып жатқан «полицияның қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы туралы айтып берді. Сервистік модельді дамытудың негізгі бағыттары – қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу, жұртқа жақын полиция, сондай-ақ цифрлық технологияларды қолдану.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов