USD
USD
USD

ІІМ: 12,5 тонна есірткі тәркіленді

Биыл заңсыз айналымнан 12,5 тонна есірткі тәркіленді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты. 

ІІМ: 12,5 тонна есірткі тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жыл басынан бері екі мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 1300 факті есірткіні сату және 360-ден астамы есірткіні аса ірі көлемде сақтауға қатысты. Заңсыз айналымнан 12,5 тонна есірткі тәркіленді, оның арасында 5 келі героин, 9,5 тоннаға тарта марихуана, 380 келі гашиш, сондай-ақ 110 келі синтетикалық есірткі бар», - деді Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған апталық брифингіде.

Оның айтуынша, ұйымдасқан 8 қылмыстық топтың жолы кесілді және 14 жасырын есірткі зертханасының заңсыз қызметі жойылды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе