Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ІІІ тоқсанда оқушыларға коронавирусқа қарсы екпе салына ма?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларға екпені салдыру жөнінде пікірін білдірді. 

ІІІ тоқсанда оқушыларға коронавирусқа қарсы екпе салына ма?
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Министрдің айтуынша, ешкім ешкімді мәжбүрлемейді. "Ешкімді мәжбүрлемейді және ешкім мәжбүрленбейді де. Мектептердің медициналық мәселесін бірнеше жыл бұрын Денсаулық сақтау министрлігіне өткізіп бергенбіз. Сондықтан бұл мәселе бойынша сол әріптестерімізге сұрақ қойсаңыздар болады. Бірақ бұл ретте біреуді мәжбүрлеп, екпе салу деген әңгіме жоқ, соны баса айтқым келеді", - деді Білім және ғылым министрі ОКҚ-да өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, қазақстандық вакцина зерттеудің үшінші клиникалық кезеңінен өтіп жатыр. "Біз бәрін хаттамаға, халықаралық стандартқа және талапқа сәйкес жасап жатырмыз. Өйткені барлық принциптер мен барлық нормаларға сәйкес болуымыз керек. Бұл өте маңызды, өйткені бұл арада бүтін халықтың қауіпсіздігі туралы сөз болып отыр, сондықтан біз әр рәсімге қойылатын барлық талаптарды орындаймыз. Біз наурыз айының ортасына дейін отандық вакцинаны шығарып, азаматтарды вакцинациялауды бастау мүмкіндігіне ие боламыз деп жоспарлап отырмыз. Бірақ, мен, бұл арада ғылыми мәселеге тоқталып отырмын, ал одан басқасының барлығы Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне жатпайды", – деді Асхат Аймағамбетов.

 

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф