USD
USD
USD

«Игра в кальмара» сериалының екінші маусымы қашан шығады?

Netflix «Игры в кальмара» фильмінің екінші маусымының трейлерін ұсынды.

Игры в кальмара
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оңтүстік Корея түсірген сериалдың жалғасы 2024 жылдың 26 ​​желтоқсанында шығады.

Сериалдың бірінші маусымы 2021 жылдың қыркүйегінде көрерменге жол тартқан және әлі күнге дейін Netflix тарихындағы ең танымал жоба болып келе жатыр.

Екінші маусымның түсірілімі 2023 жылдың жазында басталып, 10 айға созылды. Жобаның басты кейіпкері өзгеріссіз қалды. Актер Ли Чон Чжэ Сон Ги Хун рөлін қайта сомдап шықты. 

Сериалдың жалғасы арада үш жыл өткеннен кейінгі оқиғалар желісімен өрбиді. Ги Хун 456-шы ойыншы ретінде қауіпті ойынға қайта оралады. Бірақ осы жолы басты кейіпкер жұмбақ ойынның артында тұрғандармен күреседі. 

Қазір оқып жатыр

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Астана тұрғындарынан 413 млн теңгені алдап алған жетеудің ісі сотқа жолданды

Қылмыстық іс

Маңғыстауда мұнайшыларды наразылыққа үгіттеу ісін ҰҚК тергеп жатыр

ҰҚК

Белгісіз меценат талдықорғандық жас домбырашының миллион теңгеге жуық несиесін жауып берді

Талдықорғандық домбырашы