USD
USD
USD

«Игі істер марафоны» жалғасуда

Ақмола облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтіп жатқан «игі істер марафоны» жалғасуда, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

«Игі істер марафоны» жалғасуда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жалпыұлттық жоба барлық ақмолалықтарды біріктірді-әр өңірде аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды, ерекше қажеттілігі бар адамдарды, қиын өмірлік жағдайдағы балаларды, жалғыз басты қарттарды қолдауға бағытталған қайырымдылық акциялары өтуде.

«30 игі істер марафоны» эстафетасын Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері де қолдады. Олар Сандықтау ауылындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жетімдер үйіне барып, балаларға ертегілер жинақтарынан бастап Қазақстан туралы энциклопедиялар мен альбомдарға дейінгі түрлі жастағы балаларға сыйлықтар мен заманауи кітаптар үлестірді.

Сонымен бірге, мемлекеттік кірістер саласының қызметкерлері балалар үйінің тәрбиешілеріне, ата-анасының жылуынан айырылған тәрбиеленушілерге деген мейірімді және жылы қарым-қатынасы үшін алғыс білдірді.

Балалар үйінде балалардың тұруы, оқуы және тәрбиеленуі, қызығушылықтары бойынша түрлі секциялар мен үйірмелерге қатысуы үшін барлық тұрмыстық жағдайлар жасалған. Кішкентай балалар сыйлықтарға қуанып қалды. Алғыс ретінде өз өнерлерін ортаға салды.

«Балалар өте риза болды. Балаларға көңіл бөлу оларды сенім мен мейірімділікке тәрбиелейді. Біздің тәрбиеленушілеріміз үшін осындай мереке сыйлаған Мемлекеттік кірістер департаментіне алғысымыз шексіз», - деп бөлісті балалар үйінің басшылығы.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде қайырымдылық көмекпен 11 мыңнан астам адам қамтылды.

Қазір оқып жатыр

Үкімет Қазақстан экономикасының 2027–2029 жылдарға болжамын таныстырды

Үкімет

Электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салатын ереже күшіне енді

ереже

Шымкентте газ құбырында өрт шықты

Газ құбыры

Қазақстанда зейнетақы аннуитеттерінің жаңа түрлері ұсынылмақ

Зейнетақы аннутитеті