IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Халықаралық кітапхана ассоциациялары мен мекемелері федерациясымен кездесу өтті.
Алматы, NEGE. Қатысушылар 2025 жылғы IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресін Қазақстанда өткізу мүмкіндіктерін талқылады.
Айта кетейік, IFLA дүниежүзілік кітапхана қауымдастығына кітапханадағы ақпараттық қызмет көрсету саласы боцынша кең ауқымды мәселелерді талқылау үшін тұрақты кездесуге мүмкіндік береді, халықаралық бірлестіктермен және ұйымдармен ынтымақтастықты қолдайды. Беделді іс-шараны ұйымдастыру үшін, IFLA Басқарушы кеңесі ұлттық қауымдастықтың бір топ сарапшыларын мүмкіндіктерді саралау үшін Қазақстанға арнайы жіберген.
Конгерске 100 астам елден төрт мыңға дейін қатысушы келеді. Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Әмірбекұлы IFLA кітапхана ісінің озық және инновациялық идеяларын біріктіріп, кітапханашылардың кәсіби қарым-қатынасын арттыратынына тоқталды.
Сонымен қатар басқарма басшысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі өз құзыреті шегінде аталмыш ауқымды іс-шараға көпшілікке қолжетімді кітапханалардың қатысуын қадағалап, ақпараттық қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Қазір оқып жатыр
Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды
Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек
Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты
Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті