Алматы облысында панажай иесі қаза тапты: 90 иттің тағдыры не болады?
Алматыдағы «Твардовский дом» панажайының иесі Владимир Твардовскийдің өлімінен кейін 90-ға жуық ит қараусыз қалды. Қазір жануарларды басқа панажайлар мен жеке үйлерге орналастыру жұмыстары жүріп жатыр.
Астана, NEGE. «ДОС» панажайының жетекшісі Рамзан Бацаловтың айтуынша, оқиға болған аумақта тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр.
Сонымен қатар, Бацалов әлеуметтік желідегі жазбасында панажайдан иттерді әкімдік немесе жер иелері қуып жатпағанын түсіндірді. Оның сөзінше, тергеу жұмыстарына байланысты жануарларға тұрақты күтім жасау қиындаған.
«Бізді әкімдік те, жер иелері де қуып жатқан жоқ. Панажай аумағында адам өлтіру оқиғасына байланысты тергеу жүріп жатыр, сондықтан полиция өз жұмысын кедергісіз атқаруы керек. Оның үстіне, қазір иттерге қарайтын адам да жоқтың қасы», – деп жазды Рамзан Бацалов әлеуметтік желіде.
Ол панажай иесін жерлеген күні иттерді тамақтандырып, су беретін адам болмағанын да айтты. Сол кезде жануарларға полиция қызметкерлері көмектескен.
Қазір мамандар иттерді уақытша немесе тұрақты асырап алуға дайын еріктілерді іздеп жатыр.
Еске салайық, 9 қазан күні «Твардовский дом» панажайының иесі Владимир Тепляковтың қаза тапқаны белгілі болды. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалған. Полиция күдіктілерді іздеп жатыр.