Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Иерусалимде теракт жасаған лаңкестің ата-анасы ұсталды

Израиль қорғаныс әскері Шығыс Иерусалимдегі Нева-Яаков кварталында синагогада оқ жаудырған террористтің ата-анасын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Иерусалимде теракт жасаған лаңкестің ата-анасы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Израиль қорғаныс күштері лаңкестің ата-анасын тұтқындады және қайғылы оқиғадан бірнеше сағат өткен соң оның Шығыс Иерусалимдегі үйін қоршап алды", - делінген Jerusalem Post басылымында.

Кейінірек полиция синагогаға жасалған қарулы шабуылға қатысты 42 адамның ұсталғанын хабарлады.

Айта кетсек, бұған дейін Иерусалимнің шығысындағы Нева-Яак кварталындағы синагогада әлдекім оқ жаудырып, 7 адам қаза тапқаны, тағы 10 адам жарақат алғаны хабарланған. Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, 21 жастағы террорист өзі жалғыз әрекет еткен, оның көзі жойылды.

Қаскүнем ХАМАС радикалды тобының мүшесі болып шықты. Бұл топ аталған шабуылды қаза тапқан палестиналықтар үшін кек алу әрекеті деп мәлімдеді. 

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық