USD
USD
USD

Иерусалимде белгісіз адам автобусқа оқ жаудырды

Жексенбіге қараған түні қарулы адам Иерусалимдегі Плача қорғаны қабырғасының жанында автобусқа оқ жаудырған. Израиль билігінің мәліметінше, оқиғаның салдарынан кем дегенде сегіз адам жарақат алды, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Иерусалимде белгісіз адам автобусқа оқ жаудырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шабуыл жергілікті уақыт бойынша 01:24-те діндарлар Плача қорғанынан қайтып келе жатқан кезде болған. Шабуыл жасады деген күдікті Шығыс Иерусалимнен келген 27 жастағы палестиналық оқиға орнынан қашып кеткен. Бірақ содан кейін баспасөздің хабарлауынша, ол билікке берілген. Израиль полициясы дәл сол адамның оқ атқанын әлі растаған жоқ.

Құқық қорғау органдары оқиғаны террористік шабуыл деп бағалап отыр. ВВС-ге жасаған мәлімдемесінде Израиль премьер-министрі Яир Лапид шабуылға қатысы барлар «бейбіт тұрғындарға келтірілген зиян үшін жауап беретінін» айтты.

Зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр, оның ішінде жүкті әйел де бар. Оған шұғыл кесарь тілігі жасалған, жаңа туған нәресте тірі, жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.

Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, жараланған төрт адам – Нью-Йорктен Израильге барған бір отбасының мүшелері.

Плача қорғаны – құлшылық ететін иудейлер үшін ең қасиетті орындардың бірі. Жыл сайын мұнда мыңдаған адам құлшылық етуге келеді.

Оқиға Израильдің Газа секторындағы қарулы операциядан бір аптадан кейін болды, онда 47 адам қаза тапқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар