USD
USD
USD

Йеменде сегіз жылға созылған соғыс тоқтады

Рамазан айының құрметіне ел билігі мен оның жақтасы Сауд Арабиясы бастаған араб коалициясы және қарсылас оппозициялық хусит тобы бейбіт бітімге келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Йеменде сегіз жылға созылған соғыс тоқтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Бұған Оқ атпау келісімі 2 айға дейін күшінде болады. Бұл ұсынысты басында Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш жасаған болатын.

Бітім аясында хуситтердің бақылауындағы аймақтарға 18 жүк көлігі жанармай жеткізіп тұрады. Сондай-ақ ел астанасы Сана әуежайынан Мысыр мен Иорданияға әуе рейстері ашылады.

Сарапшылардың айтуынша, Йемен экономикасы, оның ішінде денсаулық сақтау саласы толық күйреген. Халықтың 80 проценті аш-жалаңаш.

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

- Қарсылас тараптар құрлық, теңіз және әуе әскери операцияларын тоқтатуға уағдаласты. Бұл бейбіт бітім - Йемендегі ұзаққа созылған соғысты біржола тоқтатуға жасалған алғашқы қадам. Қақтығысты бейбіт реттеу бойынша келіссөздерді жаңғыртуға және саяси үдерісті қайта бастауға қолайлы сәт туып тұр.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян