IBM басшылығы жасы 40-тан асқан "динозаврларды" жұмыстан шығарып жіберген
АҚШ-тың IBM компаниясының топ-менеджерлері өзара хат алмасу кезінде жасы 40-тан асқан қызметкерлерді "өзара әрекеттесу туралы түк білмейтін динозаврлар" деп атап, оларды 2018 жылы жұмыстан шығарып жібергені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz
.
Алматы. NEGE. Business Insider басылымына сілтеме жасап. Сол уақыттан бері IBM-ге қарсы сот ісі жалғасып келеді. 3 жыл бұрын қызметінен айырылған мыңдаған қызметкер сотқа шақымданды. Топ-менеджерлердің хат алмасуы түсірілген скриншоттар "компания эйджизмге жол берді" деген айыптау айғағы ретінде қолданылып жатыр.
"Бұл жағдайды өзгерту керек. Олар қарым-қатынас және өзара әрекеттесуді түк түсінбейді. Олар цифрлық буын емес, олар біз үшін нағыз қауіп", – деп жазылған скриншоттардың бірінде.
Компания осылайша миллениалдарды жұмысқа алып, даму процесін жеделдетпек болған көрінеді. IBM-ның баспасөз хатшысы Крис Мумма бұл айыптауды жоққа шығарды. Ол қызметкерлер жасына емес, бизнес жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмыстан шығарылғанын мәлім етті.