USD
USD
USD

IBA Сәкен Бибосыновтың әлем чемпионатындағы жеңілісіне ресми түсінік берді

Сәкен Бибосыновтың жеңілісіне ресми түрде түсінік берілді. 

IBA Сәкен Бибосыновтың әлем чемпионатындағы жеңілісіне ресми түсінік берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Халықаралық бокс федерациясы (IBA) Ташкенттегі әлем чемпионатында болған Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Сәкен Бибосынов пен үндістандық Дипак Кумар арасындағы жекпе-жек шешіміне жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, С.Бибосынов (51 келі) Д.Кумарға ұпай саны бойынша есе жіберген еді. Кейін Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық бокс федерациясының президенті Умар Кремлёвтің атына төрешілер шешіміне қатысты ресми шағым жолдады.

«Үндістандық Дипак 51 келі салмақта әлемнің бірінші чемпионы қазақстандық Сәкен Бибосыновпен жекпе-жекте ең үлкен апсет жасап, жеңіске жетті.

Үшінші раунд шешуші болды. Мұнда Бибосынов қабағының жарылуына байланысты өзін жақсы жағынан көрсете алмады.

Нәтижесінде төрешілер жеңісті 3:2 есебімен Дипактың пайдасына жазды. Бұдан кейін бақылаушы мен бағалау жөніндегі сарапшы жекпе-жекті қайта қарап шығып, төрешілердің әртүрлі шешімімен үндістандық боксшы – 5:2 (қайта қаралғаннан кейін 2:0) есебімен келесі кезеңге өткенімен келісті.

Дипактың ең жоғары жетістігі – 2019 жылғы Азия чемпионатындағы күміс медаль. Бірақ ол осы жарыста ең жақсы жекпе-жегін өткізді. Оның ендігі келесі қарсыласы Тәжікстаннан келген Мехроб Хамидовты сенімді және үлкен артықшылықпен жеңген – қытайлық боксшы Цзямао Чжан», - деп жазады IBA.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Қытайдан жанар-жағармайды баж салығынсыз импорттауы мүмкін

Бензин, дизель

Қорғаныс министрлігі Ербаян Мұхтардың қазасына қатысты пікір білдірді

Ербаян Мұхтар

Қазақстаннан Қырғызстанға құны 37 млрд теңге болатын 190 мың тонна бензин заңсыз шығарылған

бензин контрабандасы

Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін төтенше жағдай жарияланды

жер сілкінісі