USD
USD
USD

IBA Азия чемпионатындағы өзбекке кеткен «алтынды» Абылайхан Жүсіповке қайтарды

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Тайландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы деп танылды.

Абылайхан Жүсіпов
Фото: бокс федерациясы

Алматы, NEGE. Еске салайық, 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Жүсіпов Хавасбек Асадуллаевқа есе жіберген еді.

Алайда 11 желтоқсанда Қазақстан бокс федерациясы IBA және ASBC ұйымдарына ресми наразылық хат жолдады. ҚБФ ресми хатында Абылайхан Жүсіпов пен Хавасбек Асадуллаев арасындағы жекпе-жекте өзбек боксшысының ережелерді өрескел бұзғаны атап көрсетілген.

Сонымен қатар, шаршы алаңда сербиялық төреші Джованна Угреновичтің қателікке бой алдырғаны атап өтілген. Ал Қазақстан тарапы наразылықты дәлелдеу үшін фото және бейнематериалдар ұсынды.

Нәтижесінде IBA мен ASBC жекпе-жекті қайта қарап, алтын медальді Жүсіповке беру туралы шешім қабылдады. Асадуллаев белгілі бір мерзімге жарыстардан шеттетілді.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев