USD
USD
USD

Иаков Воронцов қайта ұсталды: оған есірткі сақтады деген айып тағылды

10 күн бұрын қамауға алынған Орыс православ шіркеуінің бұрынғы қызметкері Иаков Воронцов бүгін бостандыққа шығуы тиіс болған. Алайда оған жаңа айып тағылды.

Иаков Воронцов
Фото: facebook.com/iakov.voroncov

Астана, NEGE. Бұл жөнінде адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады. 

«Бүгін 8:50-де ұстау жөнінде хаттама рәсімделді. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберіледі. Оған Қылмыстық кодекстің 302-бабы (Есірткі притонын ұстау) және 296-бабы (Есірткіні өткізу мақсатынсыз сақтау) бойынша айып тағылып отыр. Қазір ол күдікті мәртебесінде», – деп мәлімдеді Воронцовтың қорғаушысы.

Тергеу соты 72 сағат ішінде бұлтартпау шарасын таңдау туралы шешім қабылдауға тиіс. Дегенмен Воронцов кінәсін мойындамаған.

Еске салсақ, 39 жастағы Иаков Воронцов Алматыда есірткі қолданды деген айыппен 10 тәулікке қамауға алынған болатын.

13 ақпанға қараған түні Воронцовтың үйінде полицияның арнайы жасағы тінту жүргізген. Алматы полиция департаментінің мәліметінше, тінту барысында «ұнтақ тәрізді заттар» табылған. Сондай-ақ медициналық сараптама оның есірткі қолданғанын растаған.

Айта кетейік, діни қызметті қазақ тілінде жүргізуімен танылған Иаков Воронцов Украинадағы соғысты, Орыс православ шіркеуінің жұмысын ашық түрде айыптаған. Сол үшін ол дін қызметшісі мәртебесінен де айырылған. Оған қоса оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, бір жарым жыл тергеуде болған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев