USD
USD
USD

«Хуторские» бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу қашан аяқталады?

Бұқаралық ақпарат құралдарында Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданғаны туралы ақпарат тарап жатыр.

Хасан Қасымбаев
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Алайда Алматы облыстық Полиция департаменті аталмыш ақпаратты жоққа шығарды, деп мәлімдеді Кazinform.

«Бірқатар БАҚ-та Хасан Қасымбаев және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істің сотқа жолданғаны туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат жарияланды. Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, қазіргі уақытта іс материалдары тараптарға танысу үшін ұсынылған. Танысу процесі аяқталғаннан кейін іс айыпталушыларды сотқа беру мәселесін шешу үшін прокуратураға жолданады», – деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Облыстық сот өкілдері іс материалдары сотқа түспегенін мәлімдеді.

2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаевтың уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болған еді.

Анықталғандай, ол Шерзат Болаттың өліміне қатысты ұсталмаған. 2021 жылы ережесіз жекпе-жектен жаттықтырушы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама