USD
USD
USD

«Хуторские»: Атышулы Хасан Қасымбаевтың не себепті ұсталғаны белгілі болды (видео)

Алматы облысының полиция департаменті 2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаевтың уақытша ұстау изоляторына қамалғанын растады.

Хасан Қасымбаев
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, ол Шерзат Болаттың өліміне қатысты ұсталмаған. 2021 жылы ережесіз жекпе-жектен жаттықтырушы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген. Қылмыс 2021 жылдың 17 маусымында жасалған.

«Қазіргі уақытта қылмыстардың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді», - делінген хабарламада.

Жәбірленуші Арман Әлімовтің анасы Elmedia порталына берген сұхбатында ұлына Хасанның бұйрығымен шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қылмыс орнында Хасан Қасымбаевтың өзі болған. 

Естеріңізге сала кетейік, Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат бір топ қаскөйдің қолынан қаза тапқан еді. 4 қазанда Талғар қаласындағы төбелесте 16 жастағы Шерзат Болатты ата-анасының көзінше аяусыз өлтірді. Төбелес кезінде Шерзаттың жүрегі мен өкпесіне пышақ сұғылғаны, тепкілеп, басынан мылтықпен ұрғаны айтылып жатыр. 

Қылмыстық іс ҚР Ішкі істер министрлігі басшысы мен Бас прокурордың ерекше бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Елші және Қасым-Жомарт Тоқаев

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Air Astana

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Әкесін ұрып-соққан

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды

тергеуші