USD
USD
USD

Huawei компаниясы Қазақстанда білікті кадрлар даярлау ісіне үлес қосуға ниетті

Қасым-Жомарт Тоқаев Huawei Technologies Co. LTD директорлар кеңесінің төрағасы Хуа Лянді қабылдады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Кездесу барысында озық технологиялар мен цифрлық шешімдер саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық перспективасы қарастырылды. Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен Huawei компаниясы арасында Инновациялық телекоммуникация технологияларын енгізу және сервер инфрақұрылымын жаңғырту туралы стратегиялық келісімге қол қойылуын құптады.

Аталған уағдаластық аясында цифрлық трансформация мен орнықты дамуға қатысты бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, компанияның еліміздегі білім беру бастамаларына айрықша назар аударылды. Huawei ақпараттық технология, жасанды интеллект және үлкен дерекқорды талдау салаларында отандық білікті кадрлар даярлау ісіне үлес қосуға ниетті. 

Huawei – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен смарт-құрылғылар шығаратын әлемдегі ірі компаниялардың бірі. Халықаралық корпорация 170 елде және аймақта 3 миллиардтан астам пайдаланушыға қызмет көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар