USD
USD
USD

Хуангтың Nvidia-ға оралуы компания құнын бір күнде $1 трлн-ға жуық өсірді

Дүйсенбі күні Дженсен Хуанг Nvidia компаниясының бас директоры қызметіне оралды. Хуанг өз орнына қайта келгеннен кейін компания акциялары 31,5 пайызға қымбаттап, бір сауда күнінде чип өндірушінің нарықтық құны шамамен 1 трлн долларға өсті.

Дженсен Хуанг
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Nvidia акцияларының өсуі АҚШ қор нарығына да әсер етті. Nasdaq индексі шамамен 6,5 пайызға, S&P 500 – 4,7 пайызға, ал Dow Jones 3 пайызға өсті. Бұған дейін жасанды интеллект индустриясының болашағына қатысты алаңдаушылықтан технологиялық компаниялардың акциялары жаппай сатылған еді. Енді инвесторлар бұл секторға қайта бет бұра бастады.

Алайда Хуангтың оралуы барлық мәселені шешкен жоқ. АҚШ Конгресіндегі екі партияның өкілдері Nvidia директорлар кеңесінің шешіміне қарсы шығып, америкалық озық чиптердің Қытайға жеткізілуіне бақылауды күшейтуді талап етті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Хуангтың компанияға қайта оралуына өзі ықпал еткенін мойындады. Reuters мәліметінше, Трамптың Nvidia акцияларындағы үлесінің құны 11-55 млн доллар аралығында. Акция бағасының өсуі президенттің байлығын 17 млн долларға дейін арттыруы мүмкін. Ал Ақ үйде Трамптың инвестициялық портфелін тәуелсіз ұйымдар басқаратынын мәлімдеді.

Сонымен қатар Хуангтың шетелдік барлау қызметтерімен ықтимал байланысына қатысты тергеу жалғасып жатыр. Оның АҚШ Сенатындағы ашық тыңдауы 3 желтоқсанға жоспарланған.

Биржадағы өсімге қарамастан, Nvidia акциялары Хуанг 12 қарашада қызметінен кеткеннен кейінгі барлық шығынды әлі өтеген жоқ.

Айта кетейік, Хуангтың компанияға қайта оралуына Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Жаслан Мәдиев те пікір білдірді. 19 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерді «аты аңызға айналған көрнекті инженер» деп атаған еді. Мәдиев мұны Қазақстан Президентінің көрегендігі деп бағалап, Тоқаев Хуангты Nvidia-ға қайта оралғанға дейін, яғни төрт күн бұрын қолдағанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Павлодар қаласында ЖЭО аумағында өрт шықты

Оқиға орны

Сот Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты жазадан босату туралы қаулының күшін жойды

Кәрім Көкірекбаев

Қостанай облысында ер адамға қасқыр тап берді

Қасқыр

Қазақстанда жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев, Айбек Дәдебай