USD
USD
USD

Хромтаудағы кен байыту комбинатының шахтасында жарылыс болып, бір адам көз жұмды

Хромтау ауданына қарасты Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында жарылыс болды.

Хромтаудағы кен байыту комбинатының шахтасында жарылыс болып, бір адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. “Ұңғылау жұмыстарын жүргізіп жатқан екі кенші жарылыс толқынының астында қалып, бір жұмысшы оқиға орында қаза тауып, екінші кенші жарақат алды. Жарылыс кезінде зардап шеккен кеншіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, дереу Хромтау қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді”, – деп мәлімдеді "Қазхром" ТҰК" АҚ-ның баспасөз қызметі.

Төтенше оқиға жөнінде мемлекеттік органдарға хабарлама жіберілген. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Жарылысқа әкелген себептер туралы әзір белгісіз. Дөң кен байыту комбинатындағы "Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы" атындағы шахтадағы төтенше жағдай жөнінде  құзырлы мемлекеттік органдар әзірге ақпарат берген жоқ.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев