USD
USD
USD

Хромтауда 1 миллион теңгелік мыс кабельді ұрламақ болғандар ұсталды

Хромтауда кеншілер жұмыс орнынан құны 1 миллион теңгелік мыс кабель ұрламақ болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Хромтауда 1 миллион теңгелік мыс кабельді ұрламақ болғандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 19 қарашада түнгі мезгілде Хромтау ауданының 4 тұрғыны осы аудан аумағында орналасқан кен-байыту комбинаты филиалының аумағында орналасқан мекемеден ұзындығы 10 метр болатын мыс кабельді жасырын ұрламақ болған. Олардың екеуі осы мекеменің кеншілері екені анықталды.

Екі кенші өздерінің таныс жүргізушілерімен алдын ала келісіп, жұмыс орнынан мыс кабельді ПАЗ қызметтік автобусқа тиеп алып шығуға тырысқан. Алайда жұмысшылардың заңсыз әрекетін уақтылы байқаған күзет мекемесінің қызметкерлері оларды ұстап, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Ұрлыққа оқталу дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілерден құны 1 миллион теңгені болатын мыс кабель тәркіленді. Олар кінәсін мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар