USD
USD
USD

Храпуновтың ШҚО-дағы сегіз жер учаскесі тәркіленеді

Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия бұрын заңға қарамастан тәркіленбей қалған ел аумағындағы объектілерге ревизия жалғастырып жатыр.

Храпуновтың ШҚО-дағы сегіз жер учаскесі тәркіленеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Бүгінде осындай 36 нысан (коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлік, жер учаскелері) анықталған. 

"Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Храпуновтың 8 жер учаскесін тәркілеу туралы атқарушылық іс жүргізу қозғалды", - деді комиссия өкілдері.

Сондай-ақ, Жоғарғы Сот Төлешовтің (билікті басып алуға әрекет жасағаны үшін сотталған, Шымкент сыра зауытының бұрынғы иесі) активтерін (Шымкенттегі балабақша және Сарыағаштағы профилакторий) заңсыз қайта ресімдеудің күшін жою туралы прокуратураның кассациялық өтінішхатын қарастырып жатыр.

Сонымен қатар, олигополиялардың пайдасына қабылданған сот актілері бойынша Жоғарғы сот сатысына 4 наразылық келтірілді. Оларды қайта қарау мемлекетке 30 миллиард теңгеге жуық залалды өтеуді көздейді.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу