Референдум Референдум
USD
USD
USD

Лужковтың денесін НЕГЕ жабық табытпен жерледі?

10 желтоқсанда Мюнхендегі клиникалардың бірінде Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков көз жұмды. Дәрігерінің айтуынша, оның жүрек қантамыры жарылып кетіп, қан тоқтамай қойған.

Лужковтың денесін НЕГЕ жабық табытпен жерледі?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кеше Мәскеуде Лужковтың денесін жерлеу рәсімі өтті. Әдетте атақты адамдардың денесін беті ашық табытқа салып, қоштасуға келген жұрт көретіндей етіп қоятын. «Московский комсомолец» басылымының жазуынша, Лужковтың денесін жабық табытпен жерлеген. Мұның себебі неде? Журналистер осыны зерттеп көріпті.

Православ шіркеуі қызметшісінің айтуынша, православтар адамды жабық табытпен жерлемейді, туыстарының қоштасуына, марқұмның маңдайынан сүюге рұқсат етіледі. Бұдан бөлек, қоштасу рәсімі кезінде марқұмның қолын кеудесіне қойып, дұға жазылған қағаз қыстырады. Ал енді Юрий Лужковтың денесін неге жабық табытқа салды? Шіркеу қызметшісі бұл сұраққа нақты жауап бере алмады. Тек былай деп күлбілтелеп қойыпты: «Лужков – өте танымал адам болды. Туыстары оның өлі денесін фото-видеоға түсіруді қаламаса керек».

Қазір оқып жатыр

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Әскери адам, сарбаз

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны