Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Хорватияда президент сайлауы өтіп жатыр

Хорватияда сайлау учаскілері ашылғанын DW.com жаңалықтары хабарлады.

Хорватия
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Хорватияда президенттік лауазым үшін бірнеше үміткер өзара бәсекелесуде. Кандидаттардың арасында елдің қазіргі президенті Зоран Миланович те бар. Сондай-ақ тәуелсіз кандидат ретінде сайлауға педиатр, сот сарапшысы және медициналық генетика саласының маманы Драган Приморак қатысуда.

ТАСС мәліметінше: «Президенттік орын үшін күресте «Мост» саяси партиясының өкілі және Синь қаласының мэрі Миро Буль, тәуелсіз кандидат Томислав Йонич, солшыл саяси партия жетекшісі Ивана Кекин, «Домино» партиясының вице-төрағасы Бранка Лозо, тәуелсіз кандидат Мария Селак Распудич және тағы бір тәуелсіз кандидат Нико Токич Картело да бақтарын сынауда».

DW дереккөзіне сәйкес, егер ешбір кандидат 50%-дан астам дауыс жинай алмаса, сайлаудың екінші кезеңі 2025 жылдың 12 қаңтарында өтеді.

Еуропалық Одаққа мүше бұл Балқан елінде 3,8 миллион азамат дауыс беру құқығына ие екені атап өтілді.

Қазір оқып жатыр

Сарапшылар азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өзара іс-қимылын талқылады

ҚҚДИ

Үлкен Алматы айналма автожолымен жүру құны екі есе қымбаттайды

тариф

Тойдағы тілек қандай болуы керек? Этнограф дәстүрдің мәнін түсіндірді

Тойдағы уағыз

«Уахабист емеспін»: Бекболат Тілеухан діни ұстанымына қатысты жауап берді

экс-депутат