USD
USD
USD

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

Петропавлдық хоккей клубы төңірегіндегі дауға нүкте қойылды. Алаяқтық жасады деп айыпталған «Құлагер» хоккей клубының бұрынғы басшысы Сергей Филь үш жылға сотталды.

Сергей Филь
Фото: «Құлагер» хоккей клубы

Астана, NEGE. Тергеу дерегі бойынша, Филь автокөліктерді сатып алу мен қайта сату және Қазақстан азаматтығын алуға көмектесу бойынша «тиімді схемалар» ұсынған, деп жазады Qazaqstan Media.

Бірнеше ресейлік хоккейші полицияға жүгініп, Сергей Фильге Қазақстан азаматтығын рәсімдеуге көмектескені үшін 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақша бергендерін айтқан. Алайда ақшаны алғаннан кейін ол байланысқа шықпай, жұмыс орнында көрінбей кеткен.

Сотта Филь кінәсін ішінара мойындап, келтірілген шығынды өтей бастады. Прокурор соттан төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. 

Сот үкімімен «Құлагер» ХК-ның бұрынғы басшысы кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі орташа колонияда үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Еске салсақ, Сергей Филь өткен жылы қазанда ұсталған болатын.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті