USD
USD
USD

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Ұлыбританиямен кездеседі

Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IIA дивизионында екінші ойынын Ұлыбританияға қарсы өткізеді.

Хоккей
Фото: әлеуметтік желіден

 Алматы, NEGE. Кездесу Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

Екі құрама қазірге дейін алты мәрте шеберлік байқасты. Оның төртеуінде қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетсе, қалғанында қарсыласына есе жіберді.

Соңғы екі ойында ұлыбританиялықтар басым түсті. Ел құрамасы әлем чемпионатына дайындық аясында өткен жолдастық кездесуде Ұлыбританиядан 1:3 есебімен жеңіліп қалған еді.

Алғашқы екі турдан кейін Италия мен Латвия алты ұпаймен көш басына шықса, Қазақстан үш ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр. Одан кейінгі орындардағы Оңтүстік Кореяның – 2, Ұлыбританияның – 1, Словенияның – 0 ұпайы бар.

Қазақстан хоккейшілері бұдан кейін 13 сәуірде Латвия, 15 сәуірде Словениямен мұзайдынға шығады.

Ел құрамасы әлем чемпионаты IA дивизионында 2005, 2007, 2009, 2024 жылдарда бақ сынаған еді.

Қазір оқып жатыр

Air Astana-ның Дубайға ұшатын рейстері қайта тоқтайды

Air Astana

Қазақстандық мамандар қазақша дубляж жасайтын ЖИ ұсынды

ISSAI

Құрылтайдағы әйелдер рөлін тек квота бойынша бағаламау керек – Women in Tech Kazakhstan басшысы

Әсем Болатжан

«Семей орманындағы» өрт: Бектенов екі министрді шұғыл түрде Абай облысына жіберді

өрт