Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан Норвегиядан ұтылды

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Норвегиядан ұтылып қалды.

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан Норвегиядан ұтылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Есеп: 3:1. Алғашқы кезеңде қарсыластар бір-бірін шабуылдаумен болды. Осындай сәттердің бірінде қазақстандық команда сапынан Дмитрий Шевченко мергендік танытып, алғашқы голды соқты. Екінші кезеңде де құрамалардың шабуыл шебінде жиі бой көрсеткені байқалды. 27-минутта норвегиялық Томас Валькве Ольсен көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ойынның 41-минутында норвегиялық Стефан Эспелан өз құрамасын алға шығарды.

Ал 59-минутта оның әріптесі Матис Олимб қорытынды есепті белгіледі. Бүгін топтық кезеңдегі соңғы ойындар өтеді. Оның қорытындысы бойынша плей-офф кезеңіне жолдама алған төрт құрама анықталады. Қазақстан үшін Финляндия-Канада ойыны маңызды. Себебі Финляндия жеңіске жетсе, біздің құрама ширек финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА