USD
USD
USD

Хоккейден ӘЧ: Бояркин Қазақстан атынан қатыса алмайды

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі қақпашысы Никита Бояркин алған жарақатына байланысты әлем чемпионатына қатыса алмайды.

Хоккейден ӘЧ:  Бояркин Қазақстан атынан қатыса алмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еске салсақ, әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өтеді.

Қазақстандық хоккейшілер А тобында Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франциямен шеберлік байқасады. Никита Бояркин әлем чемпионатына дайындыққа шақырылған хоккейшілердің кеңейтілген тізіміне енгізілген еді.

Оқу-жаттығу жиыны барысында ол жарақат алып қалды. Алда оны ота күтіп тұр. Ол Құрлықтық хоккей лигасының алдағы маусымына дейін толық сауығуы мүмкін. Ұлттық құрама сапында одан басқа Андрей Шутов («Барыс»), Сергей Кудрявцев «Южный Урал», Илья Румянцев («Арлан») сынды қақпашылар бар.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur