USD
USD
USD

Хоккейден ӘЧ-2023: Бүгін Норвегия-Қазақстан құрамалары кездеседі

Қазақстан мен АҚШ құрамалары Әлем чемпионатындағы ең жас командалар болып саналады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хоккейден ӘЧ-2023: Бүгін Норвегия-Қазақстан құрамалары кездеседі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық хоккейшілердің орташа жасы 24.72-ні құраса, американдықтардың орташа жасы 24.71-ді қамтиды. Айырмашылық - тек 0.01 жас, деп жазады Shaiba.kz.

Әлем чемпионатындағы жасы жағынан үлкен команда - Словения құрамасы (29.88).

Айта кетсек, биыл Қазақстан құрамасы сыртқы ойыншылардан толықтай бас тартты. Ұлттық команданың құрамын тек жергілікті клубтан шыққандар құрады. 

Әлем чемпионаты Тампера мен Ригада өтіп жатыр. Топтық кезеңде Қазақстан Норвегия, Чехия, Швейцария, Канада, Словакия, Латвия және Словениямен ойнайды.

Норвегия-Қазақстан матчы бүгін, 13 мамырда болады. Тікелей эфирді "Qazsport" телеарнасы ұйымдастырады. Басталуы - Астана уақыты бойынша сағат 19:20-да.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.