USD
USD
USD

Хоккей: Қазақстан жастары Норвегияға есе жіберді

Хоккейден жастар құрамасы Норвегиядан жеңіліп қалды.

Хоккей: Қазақстан жастары Норвегияға есе жіберді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан төртінші кездесуінде Норвегияға есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған кездесуде екі құрама арасында топ-дивизионға берілетін жолдама тағдыры шешілді. Алғашқы төрт ойында Норвегия ұпай жоғалтпаса, Қазақстан тоғыз ұпайды еншіледі. Жеңгені топ-дивизионға жолдама алатын еді.

Қазақстан хоккейшілері аталған мақсатына жете алған жоқ. Қарсыласына 3:5 есебімен жол берді. Ел құрамасынан Алдияр Нұрлан (32-минут), Даниил Цыбин (37-минут) және Роман Ермак (56-минутта) мергендік танытты.

Еске салсақ, бұдан бұрын Францияға есе жіберіп, одан кейін Венгрия, Дания, Словения құрамаларын жеңді.

Қазір оқып жатыр

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК