USD
USD
USD

Хоккей: «Барыс» жеңді

Елордада өткен құрлықтық хоккей лигасында "Барыс" жеңіске жетті.

Хоккей: «Барыс» жеңді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында елордада Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасын қабылдады.

Екі команда турнир кестесінде қатарлас келеді. Айта кетерлігі, биылғы турнирде «Барыс» соңғы үш кездесуде жеңіске жетті. Ал ресейлік клуб соңғы он кездесудің үшеуінде ғана қарсыластарын қапы қалдырды. Сондықтан екі команда бүгінгі кездесуде алға қарай ұмтылатыны сөзсіз еді.

Ойынның 4-минутында «Витязь» хоккейшісі Линус Линус Хультстрём есеп ашқан еді. Одан кейін 33-минутта әріптесі Каспарс Даугавиньш есепті үстемелей түсті.

«Барыс» сапынан Мэтт Фрэттин 39-минутта есеп айырмасын қысқартты. Ал 44-минутта елордалық Роман Старченко таразы басын теңестірді. Негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда да жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте «Барыс» жеңіске жетті. Осылайша елордалық клуб төрт ойын қатарынан қарсыластарын қапы қалдырды.

Енді «Барыс» 11 желтоқсанда елордада Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасын қабылдайды.

Қазір оқып жатыр

Мұнайдың тағдырын кім шешеді? Экономист Үкіметтің болжамына баға берді

Сапарбай Жұбаев

Volkswagen ондаған мың жұмыс орнын қысқартып, 2030 жылға дейін жалақыны өсірмеуді жоспарлаған

 Volkswagen

Тоқаев әскери әзірлік сапасын арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талап етті

Тоқаев, Омарбеков, Савельева

«Санитарлар зорлық-зомбылық көрсеткен»: Аягөзде ерекше балаларды қорлаудың жүзден астам фактісі анықталды

Тәрбиеленуші мен санитар