USD
USD
USD

ХОК басшысы Томас Бах 2025 жылы қызметінен кете ме?

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах 10 тамыз күні Парижде өткен ХОК-тың 142-сессиясында 2025 жылы қызметінен кететінін мәлімдеді.

ХОК
Фото: DW

 Алматы, NEGE. Бұл туралы DW хабарлайды. «Жаңа уақыт жаңа көшбасшыларды қажет етеді», – деп келтіреді Бахтың сөзін Reuters.

Олимпиада хартиясына сәйкес, президенттің өкілеттік мерзімі ең көбі он екі жылмен шектеледі. Томас Бах Халықаралық Олимпиада комитетін 2013 жылдан бері басқарып келеді. Мумбайда өткен ХОК сессиясында ұйымның бірнеше мүшесі Бахтың жаңа мерзімге сайлануына мүмкіндік беретін Олимпиада хартиясына түзету енгізуді ұсынған.

70 жастағы Томас Бах ұйымның Париждегі сессиясында: «Отбасыммен терең ойланып, талқылаудан кейін мандатымды мерзімінен асырмау керек деген қорытындыға келдім», – деді.

ХОК жаңа президентін сайлау ұйымның 2025 жылдың наурыз айында Грекияда өтетін 143-сессиясында өтеді. Бұл лауазымға үміткер болуға әлі ешкім ниет білдірмеді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар